Вашингтон Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы мен АҚШ арасында 19 ақпанда Катарда бейбіт келіссөз өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды.
Осыған дейін Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы 19 ақпанда Катарда АҚШ ресми өкілдерімен бейбіт келіссөздің бірінші кезеңін өткізетіндерін мәлімдеген. Талибтер өкілі Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында келіссөздің екінші кезеңі 20 ақпанда өтетінін айтқан.
Осыған дейін талибтер АҚШ-пен Ауғанстандағы қақтығысты тоқтатуға арналған бірнеше келіссөз өткізбекке тырысқан.