Алматының оңтүстік бөлігіндегі Петр мен Павел православ шіркеуіндегі өрт сөндірілді.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Қожахметовтің айтуынша, өрт туралы дабыл сағат 10:27-де түскен. Өрт басталғанда шіркеуден 15 адам сыртқа шығарылған, ешкім зардап шекпеген. Өртті сөндіруге 4 арнайы техника мен 70 адам қатысқан.
"Негізінен шіркеудің шатыр бөлігі өртенді. Өрт аумағы 200 шаршы метрді құрайды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр" деді Нұрбек Қожахметов.