Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Саймумин Ятимов үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) Орталық Азия елдеріндегі қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп айыптады. Тәжікстанның оңтүстігіндегі Куляб қаласында университетте сөйлеген Ятимов кейбір шет мемлекетттер «ҮЕҰ атын жамылып Тәжікстанның қоғамдық мүддесіне сай келмейтін әдістерді пайдаланатынын» айтты.
«Тәжікстанда бірінші рет кейбір құпия қызметтер ұйымдасқан қылмыстық топтарға біздің қауіпсіздігімізге қарсы әрекеттер жасауы үшін үлкен сомада ақша төлей бастады» деді Ятимов. Бірақ ол сөзінде нақты бір ел, я ұйымды атамады.
Тәжікстанға көрші Қырғызстан парламенті шетелден қаржыландырылатын ҮЕҰ-ның «шетел агенті» деген мәртебе беретін заң жобасын талқылап жатыр. Заң жобасына қарсылар құжатты 2012 жылы Ресейде қабылданған «шетел агенті» туралы заңның көшірмесі деп дейді. Ресейдің ол заңын азаматтық қоғам мен батыс елдері сынаған.