Алжирде ел астанасынан 100 километр қашықтықта жүргізілген арнайы операция барысында 22 қарулы содырдың көзі жойылды. Алжир қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскерилер содырлардан автоматтар, оқ-дәрілер мен басқа да қару-жарақтар тәркілеген.
1990 жылдары Алжирде содырлар жасайтын зорлық-зомбылық саны күрт артқан. Қарулы топтар елдің орталық және шығыс аймақтарында әлі де әрекет етеді. Бұл елде биыл жыл басынан бері 56 содырдың көзі жойылды.