Accessibility links

Әкім: Сталин суреті ілінген авто шеру өткен емес


Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Орал қазақ драма театрында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында сөйлеп тұр. Орал, 28 мамыр 2015 жыл.
Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Орал қазақ драма театрында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында сөйлеп тұр. Орал, 28 мамыр 2015 жыл.

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаев облыс орталығы Оралда көліктеріне совет жетекшісі Иосиф Сталиннің портреттері ілінген авто шеру өткен жоқ деп мәлімдеді. Бұл жайлы Ноғаев бүгін Орал қазақ драма театрында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында айтты.

- Жүз көлікті айтпағанда, он көлік қатысқан авто шеру болған жоқ. Орынәлиев мырза (Азаттық тілшісі Санат Орынәлиев - ред.) алған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - деді Нұрлан Ноғаев.

9 мамырда Оралда екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған авто шеру өткен. Қала көшелерімен Сталиннің портреті салынған ондаған көлік жүріп өтті. Акциядағы Сталиннің суретінен басқа негізгі символдар Георгий лентасы мен Ресейдің және СССР-дің тулары болды. Авто шеруді кім ұйымдастырғаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG