Accessibility links

Қазақстанның ДСҰ-ға кіру келіссөзі аяқталды


Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азаведо.
Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азаведо.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру туралы 20 жылға жуық уақытқа созылған келіссөзді аяқтады деп хабарлады ДСҰ.

Ұйымның ресми сайтында 10 маусымда жарияланған хабарламада Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы құжаттар пакетінің 22 маусымда ұйым мүшелерінің мақұлдауына ұсынылатыны айтылған.

"Мен ДСҰ мүшелерін және Қазақстан үкіметін бүгін жасалған тарихи қадамымен құттықтаймын. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін тағатсыздана күтіп отырмын" деген ДСҰ бас директоры Роберто Азаведо.

Финляндияның ДСҰ-дағы өкілі, ұйымның Қазақстанмен келіссөзіндегі жұмысшы тобын басқарған Веса Химанен "Бұл - ұйымның 20 жылдық тарихындағы ең күрделі келіссөздердің бірі болды" деген.

Химаненнің сөзінше, Астананың ДСҰ-мен келіссөздері "Қазақстан өз тарифтерін Еуразия экономикалық одағы мен Кеден Одағының өзге мүшелерімен жасасқан келісімдеріне сай өзгертуге мәжбүр болғандықтан" аса күрделі және өзгеше жүрген.

Қазақстанның ДСҰ-мен жүргізген келіссөзін экономикалық интеграциялар істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова басқарған.

XS
SM
MD
LG