Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО немесе ЕЭО) кіру келісім-шартын ратификациялады.
Мәжіліске заң жобасын ұсынған Қазақстан ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қырғызстанның ЕЭО-ға мүше болу шарттарымен келісетінін мәлімдеді.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Биыл мамыр айында Қырғызстан ЕЭО-ға кіру жөніндегі барлық процедураларын аяқтап, одаққа кіру туралы келісімді Қырғыз парламенті мақұлдап, ел президенті қол қойған. Енді ол келісімді ЕЭО-ға мүше елдер - Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения мақұлдауы тиіс.
ЕЭО 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істеп жатыр.