Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Уфада Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Назарбаев пен Цзиньпин кейбір салалардағы екіжақты өзара байланыс мәселелерін талқылап, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды жайттар жөнінде пікір алмасқан.
Назарбаев Уфаға Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) мен БРИКС елдері саммитіне аясына қатысуға барған.