Қостанай қаласы әкімі орынбасарының "пара алды" деген күдікпен ұсталғаны хабарланды. Бұл туралы осы қаланың №2 сотына сілтеме жасаған қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.
Ақпараттарға қарағанда, қалалық сот өкілі "Антикоррупциялық қызмет өкілдері 1 тамыз күні Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевті "Сыл" ЖШС-і директоры Гагик Овняниннен пара алып жатқан жерінен ұстады" деп мәлімдеген.
Соңғы ақпараттар бойынша, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Хабарламада пара көлемі айтылмаған.