Accessibility links

Ауғанстан вице-президенті шабуылдан аман қалды


Ауғанстан вице-президенті Абдул Рашид Достум Фарьяб уәлаятында. Тамыз 2015 жыл.
Ауғанстан вице-президенті Абдул Рашид Достум Фарьяб уәлаятында. Тамыз 2015 жыл.

Ауғанстан президенті Абдул Рашид Достум елдің солтүстігінде "Талибан" содырларының шабуылынан аман қалды. Достумды алып жүрген көлік колоннасына шабуыл Ауғанстанның солтүстігіндегі Фарьяб уәлаятының шалғай аймағында 21 тамыз күні жасалған.

Достум көмекшісінің Азаттықтың Ауған редакциясына хабарлауынша, Достумның қорғаушылары тұтқиылдан жасалған шабуылды тойтарып, сегіз содырды өлтіріп, 13-ін қолға түсірген. Қақтығыстан Достумның өзі де, оның адамдары да зардап шекпеген.

Оқиғаға қатысты бұдан өзге ақпарат жоқ.

Абдул Рашид Достум 20 тамызда Азаттыққа берген сұхбатында ауған үкіметі күштері 10 күнге созылған операцияда Фарьяб уәлаятының көпшілік бөлігінен "Талибан" жасақтарын ығыстырып шығарғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG