Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев іссапармен Ақмола облысына барды. Ақорда сайтының хабарлауынша, Назарбаев сапарында облыстағы жиын-терім науқанына дайындықтың жай-күйімен танысады.
Облыс әкімі Сергей Кулагин аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты есеп береді.
Бұдан өзге, Қазақстан президенті Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындармен өтетін кеңеске қатысады.