Алматы мен Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны сақтауға арналған ұялы телефон SIM-картасы сатыла басталды. Инвестиция және даму министрлігі жанындағы "ХҚКО" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) енгізілген SIM-карта келешекте Қазақстандағы барлық ХҚКО-да беріле бастайды.
"Бұл пилоттық жоба халыққа қолайлы болу үшін басталды. Тұрғындар ХҚКО-ға барып, SIM-карта алады да, оған ЭСҚ жаздырып ала алады. Оны қалай қолдану керегі жайлы мамандардан кеңес алады" деп хабарлады "ХҚКО" компаниясының бас директоры Әсемгүл Балташева.
ХҚКО компаниясы мәліметінше, ЭСҚ жазылытын SIM-карта 200 теңге тұрады. Бұл сома абоненттің балансына түседі.
Тұрғындар ұялы телефонға арналған egov.kz қосымшасы арқылы ЭСҚ жазылған SIM-картамен мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлігі бар-жоғы, зейнетақы төлемдері туралы және басқа да анықтамаларды ала алады.