Accessibility links

Новосибирскіде "Платон" жүйесіне қарсылық акциясы өтіп жатыр


«Платон» төлем жүйесіне қарсы ресейлік көлік жүргізушілерінің акциясы. Мәскеу төңірегі, 4 желтоқсан 2015 жыл.
«Платон» төлем жүйесіне қарсы ресейлік көлік жүргізушілерінің акциясы. Мәскеу төңірегі, 4 желтоқсан 2015 жыл.

Ресейдің Новосибирск қаласында елде салмағы 12 тоннадан асатын жүк көліктерінен алу мақсатында жаңадан енгізілген төлем жүйесіне («Платон») қарсы көлік жүргізушілері пикет өткізіп жатыр деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі. Наразылар Ресей басшылығына үндеу қабылдап, Новосибирск қаласының мэрі Анатолий Локотті өз талаптарын қолдауға шақырған.

Қала билігі өкілі журналистерге наразылық акциясына 80-ге жуық адам қатысып тұрғаны туралы хабарлады. Бұл уақытта Новосибирск қаласының орталығында «Платон» төлем жүйесін алып тастауды талап еткен тағы бір наразылық шарасын Ресей коммунистік партиясының облыстық ұйымы өткізіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған жетпіске жуық адам қатысқан.

Ресейде 15 қарашадан бастап салмағы 12 тоннадан асатын жүк көліктерінен федералдық жолдарда жүргені үшін жаңа салық енгізілген. Оны «Платон» деп аталатын жүйе бойынша төлеу белгіленген. Бірақ алысқа жүк тасымалдауды кәсіп етіп отырған ресейлік көлік жүргізушілері алғашқы күннен бастап жаңа төлемге қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG