Тәжікстанның халық сирек қоныстанған таулы аймақтарында бүгін күшті жер лсікінісі болды.
АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, қуаты 7,2 магнитуданы құрайтын жер сілкінісінің ошағы Душанбеден шығысқа қарай 345 километр қашықтықта болған. Зілзаладан зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.
АҚШ геологиялық қызметінің ақпаратына қарағанда, зілзала дүмпуі Үндістан астанасы Делиде, Ауғанстан мен Пәкістанда сезілген.