Accessibility links

Донбаста қауіпсіздік келісімдері жасалды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Украина мәселесі жөніндегі өкілі Мартин Сайдик.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Украина мәселесі жөніндегі өкілі Мартин Сайдик.

Минскіде Украина шығысындағы қақтығысты реттеу жөніндегі үш жақты байланыс тобының отырысы өтіп, Донбастағы қауіпсіздік жөнінде екі келісім жасалды. Жиынға үш жақты байланыс тобындағы Украина өкілі Леонид Кучма, Ресей өкілі Борис Грызлов және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) өкілі Мартин Сайдик қатысты.

Мартин Сайдиктің сөзінше, жиын қорытындысында Донбастағы минадан әлі залалсыздандырылмаған аймақтарды анықтау және екі жақ шептері қиылысатын шекарадан 15 километр қашықтықта әскери жаттығу өткізбеу туралы екі келісім жасалған.

Алғашқы келісім бойынша минадан тазалануы тиіс аймақтардың картасын жасап, қоршау және арнайы белгілер орнату қарастырылған.

Екінші келісім бойынша, 4 наурыздан бастап қарсы тараптардың шептері қиылысатын шекараға жақын аймақтарда барлық калибрдегі қару-жарақты қолданып әскери жаттығу өткізуге тыйым салынды.

Сайдиктің пікірінше, әскери жаттығуға тыйым салу қақтығыс шебі аймағындағы атысты мүлдем тоқтатып, шиеленісті бәсеңсітуге ықпал етеді.

3 наурызда Парижде "Норманд төрттігі" деп аталатын елдердің (Украина, Ресей, Германия және Франция) сыртқы істер министрлері кездеседі.

XS
SM
MD
LG