Accessibility links

ИМ содыры әл-Шишани әуе шабуылынан қаза табуы мүмкін


ИМ командирлерінің бірі, "Омар әл-Шишани" деген лақап атпен танымал Тархан Батирашвили (ортада).
ИМ командирлерінің бірі, "Омар әл-Шишани" деген лақап атпен танымал Тархан Батирашвили (ортада).

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы командирлерінің бірі Омар әл-Шишани Сирияның солтүстік-шығысында АҚШ әскери ұшағынан жасалған әуе шабуылынан қаза тапқан болуы мүмкін деп хабарлады Пентагон өкіліне сілтеме жасаған америкалық ақпарат құралы.

Алдын ала ресми мәліметке қарағанда, ИМ-нің "қорғаныс министрі" деп аталатын Шишанимен бірге 12 содырдың да көзі жойылған. Пентагон баспасөз хатшысы 30 жастағы әл-Шишаниді Ирак пен Сириядағы ұрыстарда үлкен тәжірибе жинаған "соғыста ысылған жетекші" деп атайды. Болжам бойынша, соңғы уақытта ол ИМ-нің Сирияның солтүстігіндегі әскери операцияларын басқарған. Оның аты-жөні террористік ұйымның ең қауіпті содырлары тізіміне кіреді. Оны ұстауға немесе көзін жоюға көмектесетін нақты ақпарат берген адамға 5 миллион доллар сыйақы тігілген.

"Шешен Омар" деген де лақап аты бар Әл-Шишани Грузиядан шыққан. Оның нақты аты-жөні - Тархан Батирашвили. Оның көзі жойылған туралы ақпарат бұған дейін де тараған. Пентагон егер Шишанидің қазасы расталса, онда ол ИМ-нің шетелден, әсіресе Кавказ аймағынан содырлар тарту мүмкіндігін кемітіп, Сириядағы Ракка қаласы мен Ирактағы Мосул қаласында шабуыл жасау және қорғану қабілетін нашарлатуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG