АҚШ пен Ирак шенеуніктері арнайы әскер жасақтары өткен айда Ирактың солтүстігіндегі рейд кезінде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының химиялық қару жөніндегі сарапшысын қолға түсіргенін хабарлады.
Ирак билігі өкілдерінің Associated Press агенттігіне хабарлауынша, ұсталған Сулейман Дауд әл-Афаридың Саддам Хусейннің әскери-өнеркәсіптік басқармасында жұмыс істеп, онда химиялық және биологиялық қаруларға маманданған.
50 жастағы Афари ИМ-нің химиялық қару жасау жұмыстарын басқарған. NBC News ұсталған адамның Афари екенін хабарласа, France Press агенттігі америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап оның ұсталғанын растаған. Пентагон ұсталған адамның аты-жөнін жарияламаған.
ИМ 2014 жылдан бері Ирак пен Сириядағы соғыстарда түрлі уақытта қыша газын қолданды деген күдікте. 8 наурызда Ирактың Күрдістан автономиясының басшылығы ИМ содырлары елді мекенді "Катюша" кешенінен химиялық қару толтырылған зымыранмен атқылап, 40 адам ауруханаға түскенін хабарлаған.