АҚШ президенті Барак Обама мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг сәуір айының 4-і күні Ақ үйде өтетін кездесуде «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күрес шараларын талқыламақ.
Сонымен бірге кездесуде миграциялық дағдарыс, биыл шілде айында Польшада өтетін НАТО саммиті және Ресейдің Украинаның шығысындағы іс-әрекеттеріне жауап ретінде осы әскери-саяси одақтың Шығыс Еуропадағы ролін нығайту мәселелері де сөз болады деп хабарлайды Ақ үй баспасөз қызметі.
Хабарламада Йенс Столтенбергпен кездесуде Барак Обаманың НАТО бас штаб-пәтері орналасқан Брюссельдегі террорлық шабуылдарға байланысты Вашингтонның солтүстік Атлантикалық одаққа мүше елдермен ынтымақтастығын атап өтетіні айтылған.