Биліктегі "Нұр Отан" партиясының бұрынғы хатшысы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының "Kaspi" акционерлік қоғамы (АҚ) холдингіндегі акция үлесі 30 пайызға дейін артты. Бұл туралы бүгін Kaspi Bank-тің баспасөз қызметі Азаттықтың сауалына берген жауабында хабарлады.
"Kaspi" акционерлік қоғамы - Kaspi Bank акцияларының 90 пайызының жанама иесі саналады.
Қайрат Сатыбалдыұлының "Kaspi" холдингінің жанама акционері болғаны, холдингтегі үлесі 10 пайыздан аз екені туралы бұған дейін хабарланған.
Холдинг акционерлері құрамына Kaspi Bank-тің директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы мен банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе және "Бэринг Восток Кэпитал Партнерс" халықаралық инвестициялық компанияларының басқаруындағы қорлар кіреді.