Accessibility links

ЕҚЫҰ тобы Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылайды


Армян сарбазы Әзербайжан әскерімен қақтығысып жатқан Мартакерт қаласы маңында зеңбірек жанында тұр. Таулы Қарабақ, 3 сәуір 2016 жыл.
Армян сарбазы Әзербайжан әскерімен қақтығысып жатқан Мартакерт қаласы маңында зеңбірек жанында тұр. Таулы Қарабақ, 3 сәуір 2016 жыл.

Венада бүгін Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Минск тобы (Ресей, Франция және АҚШ) төрағаларының жиыны өтеді.

4 сәуірде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Таулы Қарабақ мәселесін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы талқылаған. Тараптар аймақта қақтығыстың қайта жалғасқанына алаңдаушылық білдірген. Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Лавров пен Керри әскери қимылдарды тез арада тоқтату қажет екенін айтқан.

Кеше өзін өзі жариялап алған Таулы Қарабақ республикасының (ТҚР) баспасөз хатшысы Артак Бегларян әзербайжандық ұшқышсыз басқарылатын аппараттан армян еріктілерін әкетіп бара жатқан автобусқа соққы жасалғанын хабарлаған. Шабуылдан жеті адам құрбан болған.

Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Таулы Қарабақтағы майдан шебінде ұрыс жалғасып жатыр. Министрлік "Әзербайжан жағы жағдайды өз пайдасына қарай өзгерте алмады" дейді.

Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі елдегі барлық ауыр әскери техника мен қаруды егер армян тарабы әзербайжандық елді мекендерді атқылауын тоқтатпаса Степанакерт қаласына соққы беріп қалу ықтималдығына орай толық әскери дайындыққа келтіруге бұйырды.

Таулы Қарабақтағы жанжал аймағындай жағдай 2 сәуірге қараған түні күрт шиеленіскен. Тараптар атысты оқтату келісімін бұзды деп бір-бірін айыптайды. Екі тараптан да ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды.

XS
SM
MD
LG