Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Джабер Ансари бүгін Ресей Иранға С-300 зенит-зымыран кешенінің алғашқы партиясын жеткізгенін мәлімдеді. Ресей бұған дейін Иранға С-300 кешенін жеткізу туралы келісімді Батыс елдерінің қысыман байланысты бұзғанын мәлімдеген еді.
Ресей президенті Владимир Путин 2015 жылдың сәуірінде, Иран мен әлемдік державалар арасында уақытша ядролық келісім жасалған соң Иранға С-300 кешенін жеткізуге салған тыйымын жойған.
Израиль бұл зенит-зымыран кешенін Иранға жеткізуге ашық қарсы. Иран билігі еврей мемлекетін мойындамайды.