Accessibility links

Эмомали Рахмонның қызы парламент депутаты болды


Озода Рахмон, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы.
Озода Рахмон, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы.

Тәжікстанның "Ховар" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы ел президенті Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмон парламенттің жоғарғы палатасы - сенат депутаты болып сайланды. Бес баласы бар, 38 жастағы Рахмон қаңтар айынан бері президент аппаратын басқарған.

Озода Размон парламентке Душанбе мен аудандық кеңес депутаттарының бірлескен отырысында сайланды. Сенат депутаттарының парламенттің төменгі палатасы депутаттарынан айырмашылығы - жалпыхалықтық дауыс беруге түспейді. Сенаттың 33 депутатының 25-і аудандық және аймақтық кеңестер мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы сайланады. Қалған сегіз депутатты президент тағайындайды.

XS
SM
MD
LG