Accessibility links

Обама Клинтонның кандидатурасын қолдады


Хиллари Клинтон.
Хиллари Клинтон.

АҚШ президенті Барак Обама бұрынғы мемлекеттік хатшысы, президенттікке Демократиялық партия атынан түсуге үміткер Хиллари Клинтоның кандидатурасын қолдады. Обама Клинтон сияқты ешкім президент лауазымына лайық емес деді. 9 маусымда жариялаған видеоролигінде Обама "Клинтонды қолдайтын кампания жүргізу мүмкіндігін тағатсыздана күтетінін" мәлімдеді. Бұған дейін Обама Клинтонның қарсыласы Берни Сандреспен кездескен.

Клинтон Обаманың қолдауын қабылдап, президент болып сайланса алғашқы жүз күні аралығында кезекті қаржы дағдарысына жол бермеу үшін қауіп-қатері бар инвестицияға қарсы жоспарын іске асыратынын айтты.

Сандерс сайлау кампаниясын жалғастыра беретінін және Клитонның Демократиялық атынан президенттікке ұсынуда өзі жеңетіні туралы мәлімдемесіне қарамастан өзінің негізгі жоспарын партияның шілдеде өтетін съезінде күн тәртібіне шығаратынын мәлімдеді. Сандерс Клинтонды қолдамаса да Дональд Трамптың президент болып сайлануына жол бермеуге күш жұмсайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG