АҚШ президенті Барак Обама Орландо қаласындағы гей-клубта болған 50 адамның өлтірілгенін "теракт" және "өшпенділік актісі" деп атады. Обаманың сөзінше, шабуыл "АҚШ-тың нәсілі, ұлты, діні емесе жыныстық өзгешелігіне қарамастан кез-келген азаматына шабуыл барлық америкалыққа шабуыл" екенін еске түсіреді.
12 маусымға қараған түні Орландодағы гей-клубқа қарулы адам басып кіріп, ондағыларға жаппай оқ атып, адамдарды кепілге алған. Шабуылдан 50 адам қаза тауып, 53-і жараланып ауруханаға түскен. Полиция қылмыскер тапаншамен және авоматпен қаруланғанын айтады. Шабуылдаушы әуелде түнгі сағат 2 шамасында клубта оқ атып, сосын көшеге шығып, шұғыл шақырылған полиция қызметкерлерімен атысқан. Бұдан соң ол клубқа қайта кіріп, 30-ға тарта адамды кепілге алған. Полиция шабуылдаушыны полиция атып өлтіріп, кепілдегілердің барлығын босатқан.
Қылмыскердің аты - Омар Седик Матин, 29 жаста. Кейбір ақпараттар бойынша, ол экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымына адал екенін білдірген. Бірақ полиция Матиннің экстремистермен тікелей байланысы барына дәлел жоқ дейді.
АҚШ тарихында бұған дейін мұндай кісі көп қырылған шабуыл болған емес. Америкалық ақапарат құралдары Барак Обама алда Орландодағы қылмысқа байланысты үндеу жасайды деп хабарлады.