Германияда Бундестагтың тегі түрік 11 депутатына Осман империясы кезінде армяндардың қырылуын геноцид деп танитын қарарға дауыс беруден соң доқ көрсетілгеннен кейін полиция күзеті күшейді. Бұл депутаттар қарарға дауыс берген депутаттар қатарында болған.
Бірқатар тарихшылар мен кейбір мемлекеттер Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Исман империясында бір жарым миллион армянның жаппай депортацияланып, қырылуын геноцид деп бағалайды. Анкара бұл сан асыра көрсетілген және олардың көпшілігі саясаткерлердің христиандық азшылық өкілдерін жоспарлы құрту саясатынан емес, азаматтық соғыстан құрбан болды дейді.
Түркия үкіметі Германия парламентінің шешіміне наразы болып, Берлиндегі елшісін шақыртып алды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қарар жобасны қолдаған түрік депутаттарының қанын олардың "қандай түрік екенін анықтау үшін" тексеруді талап етті.