Жергілікті БАҚ 23 маусым күні Германияның Гессен жеріне қарасты Фирнхайм қаласында белгісіз қарулы адамның кинотеатрға шабуыл жасап, бірнеше адамды кепілге алғаны туралы хабарлады. BBC-дің мәліметінше, кем дегенде 20 шақты адам жараланған.
Bild газетінің мәліметі бойынша, қарулы ер адам Фирнхайм орталығындағы Kinopolis кинотеатрына тапанша ұстап баса-көктеп кірген. Шабуылшы иығына оқшантай іліп алған деп сипатталады.
Шабуылдаушы күдікті төбеге оқ атқан соң, кинотеатрда дүрбелең туып, адамдар жанталаса сыртқа ұмтылған. Төтенше оқиға орнын полиция қоршауға алған.