Accessibility links

Порошенко мен Ердоған Украина мен Түркия ынтымақтастығын талқылады


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Украина президенті Петр Порошенко 27 маусымда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефонмен сөйлесті. "Интерфакс-Украина" агенттігінің хабарлауынша, Порошенко бұл туралы журналистерге Брюссельде хабарлаған.

Порошенконың сөзінше, сөйлесуді Ердоған ұсынған. Бір-бірін "стратегиялық серіктес" санайтын тараптар бірлескен жобаларды ары қарай іске асыра беруге келіскен.

Түркия президентінің түркиялық әскерилердің Ресейдің Су-27 әскери ұшағын атып түсіруіне байланысты "өкініш білдіргеніне" қатысты Порошенко "Бұл хабардан менің түсінгенім - әңгіме қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айту туралы болған. Мен мұны Түркия президентінің түсінікті ұстанымы деп есептеймін.

27 маусымда бұдан ертерек Порошенко ЕО өкілдерімен кездесіп, Украина азаматтарына қатысты "визасыз режим" енгізу жайын талқылаған. Порошенконың сөзінше, Ұлыбританияның ЕО-дан шығу шешімімен байланысты "объективті қиындықтар" бар, бірақ олар "тек бірнеше күн немесе аптаға ғана созылады".

XS
SM
MD
LG