Accessibility links

АҚШ Солтүстік Корея лидеріне санкция салды


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын халық алдында тұр.
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын халық алдында тұр.

АҚШ алғаш рет Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен ондаған солтүстік кореялық шенеунікке санкция салды. Ресми Вашингтон Солтүстік Корея лидері мен шенеуніктеріне адам құқығын бұзды, сот өткізбей адамдарды дарға асты, адамдары еріксіз жұмысқа шекті деген айыптар тағып отыр.

АҚШ мемлекеттік департаментінің жариялаған есебінде жиырмаға жуық солтүстік кореялық шенеуніктің есімі аталып, олардың еңбек лагерьлерін құрғаны туралы және басқа да қылмыстар жасағаны жайлы деректер көрсетілген.

Осыған дейін АҚШ Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Сирия басшысы Башар Асадқа санкция салған. Ким Чен Ын санкцияға алғаш рет ілінді.

XS
SM
MD
LG