Accessibility links

Қытай үш елмен бірігіп терроризмге қарсы ұйым құрды


Қытайдың Пәкістан және Тәжікстанмен шектесетінін көрсететін карта (Көрнекі сурет).
Қытайдың Пәкістан және Тәжікстанмен шектесетінін көрсететін карта (Көрнекі сурет).

Пәкістан, Ауғанстан және Тәжікстан Қытайдың терроризмге қарсы одағына қосылды.

Пәкістан әскерилерінің хабарлауынша, төрт елдің қорғаныс министрлері аталған альянсты құруға 4 тамызда Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында өткен кездесуде келіскен.

Төрт жақты ынтымақтастық және үйлестіру механизмі деп аталатын альянсқа мүше елдер терроризммен күрес және барлау саласында бірлесе жұмыс істемек.

Терроризммен күресте АҚШ-пен бұрыннан одақтас Пәкістан мен Ауғанстан ондаған жылдан бері "Әл-Қаида", "Талибан" сияқты исламшыл ұйымдармен соғысып келеді.

Тәжікстан өз ішінен шыққан исламшыл содырлардан зардап шегіп отыр. Қытай елдің Пәкістанмен шекаралас, этникалық ұйғырлар тұратын Шыңжаң аймағында исламшыл содырлармен күресіп келеді. Қытай сонымен бірге Пәкістан және АҚШ-пен Ауғанстанда 15 жылдан бері әрекет ететін "Талибанмен" бейбіт келіссөз жүргізуде ара ағайындық жасайды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонер Вашингтон жаңа альянсты аймақ үшін "позитивті" қадам деп қабылдайтынын мәлімдеді. "Аймақта терроризмге қатысты атқаратын жұмыс жетерлік" деді Тонер.

XS
SM
MD
LG