Бүгін түнде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 409 километр қашықтықта 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.
Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 2:34 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, жер қабатының 5 километр тереңдігінде болған деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,8.
Жерасты дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.