Accessibility links

ОҚО-да 7 айда 49 жас өз-өзіне қол жұмсаған


Суицид тақырыбындағы көрнекі сурет.
Суицид тақырыбындағы көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 2016 жылдың 7 айында 49 жас өз-өзіне қол салды деп хабарлады бұл аймақтағы Сайрам аудандық ата-аналар қауымдастығының төрағасы Амангелді Қабылбеков.

Бұл дерек бүгін Түркістан қаласындағы Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде премьер-министр Кəрім Мəсімовтің қатысуымен өткен "Білім саласындағы өзекті мəселелер" атты жиында айтылды.

Амангелді Қабылбековтің сөзінше, мұндай әрекетке барған 49 оқушы мен жастың 22-сі көз жұмған. Ол өңірде өз-өзіне қол салып жатқан жастардың саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

Балалардың суицидтік әрекетке баруы ел бойынша да көбейіп барады. Бас прокуратура дерегінше, 2015 жылы Қазақстанда өзіне қол жұмсаған 201 жасөспірім өмірден озған. Бұл көрсеткіш 2014 жылғымен салыстырғанда (192) 4,7 пайызға артық. Прокуратура мәліметіне қарағанда, былтырғы кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің 32 пайызы «отбасындағы ішкі проблемалар» кесірінен; 2,9 пайызы - жалғызсыраудан; 7 пайызы «туыстар арасындағы жанжалдар» салдарынан болған.

XS
SM
MD
LG