Accessibility links

АҚШ: Түркия Гүленді экстрадициялауды ресми түрде сұрады


Фетхулла Гүлен, АҚШ-та тұратын түркиялық дін қайраткері.
Фетхулла Гүлен, АҚШ-та тұратын түркиялық дін қайраткері.

АҚШ билігі Түркиядан дін қайраткері Фетхулла Гүленді экстрадициялау туралы ресми сауал алғанын мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонердің хабарлауынша, қазір экстрадиция мәселесі талданып жатыр. Түркия президенті 15 шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын Фетхулла Гүленнен көреді. Гүлен бүлікке қатысы барын жоққа шығарады.

Тонердің сөзінше, Анкараның сұрауы сәтсіздікке ұшыраған төңкеріс әрекетімен байланысты емес. Ол экстрадицияға қатысты қосымша ақпарат беруден бас тартты.

АҚШ билігі Түркия билігінің Гүленді әшкерелеу мақсатында жіберген мәліметтерін әлі тексеріп тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG