Беларусь спорт және туризм министрлігінің шенеунігі, Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Ресей туын жайып салған Андрей Фомочкинге пәтер беріледі. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Facebook-те хабарлады. Оның жазуына қарағанда, аты-жөнін атамаған ресейлік шенеунік Фомочкинге бұл ісі үшін пәтер сыйламақ болған.
Пәтердің қайда екені әзірге белгісіз болғанымен, Захарова Фомочкин сыйды алу үшін Мәскеуге келгенін жазды.
Халықаралық паралимпиада комитеті 7 қыркүйекте Фомочкинді Риодағы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Ресей туын жайғаны үшін аккредитациясынан айырған.
Ресей паралимпиада құрамасы 2016 жылғы паралимпиада ойындарынан допинг жанжалына байланысты шеттетілген.