Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбеков экономикалық интеграция және тариф саясаты саласындағы ынтымақтастықты талқылады деп хабарлады 2 қарашада Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Сағынтаев Бішкекке кеше Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері үкімет басшылары кеңесінің жиынына қатысуға барған. Ол жиынның қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп болжанып отыр. ШЫҰ елдері президенттерінің саммиті 2017 жылы 8-9 маусымда Астанада өтеді деп жоспарланған.