Қазақстанның Қытаймен шекарасына жақын Зайсан, Талдықорған және Жаркент қалаларында бүгін қуаты екі-үш балл шамасында жер сілкінісінің дүмпуі сезілді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмикалық тәжірибелік-методикалық орталығы.
Магнитудасы 6,1 балды құрайтын жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 11:15-те болған. Зілзала ошағы Алматыдан 757 километр қашықтықта Қытай территориясында тіркелген. Зілзала дүмпуінің Алматыда сезілгені туралы әзірге мәлімет жоқ.
Зілзаладан зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы хабарланбады.