Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Абдил Сегизбаевқа парламенттегі "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі Омурбек Текебаевқа қатысты қылмыстық істі тергеуде қысым көрсетпеуге шақырды. Сегизбаев бұл жөнінде бүгін Бішкекте парламенттің отырысында айтты.
Сегізбаев қазір Текебаевқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын, оның нәтижесі сотқа жіберіліп, сот айыпты деп танылғандарға құқықтық бағасын беретінін айтты. МҰҚК басшысы сонымен қатар Текебаевтың ұсталуы мен қылмыстық істің қалай қозғалғаны туралы да айтып берді. Оның сөзінше, МҰҚК "Текебаевтың жақын серіктерінің ресейлік компания өкілдерінің "Альфа Телеком" акцияларын сатып алуында делдалдық жасағаны үшін бір миллион доллар пара алған болуы мүмкін екендігі" туралы жедел ақпарат алған. Сегизбаев бас прокуратура 25 ақпанда ресейлік бизнесмен Леонид Маевскийдің Текебаевқа қарсы арызын алған соң "коррупция" және алаяқтық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты.
"Маевскийдің ақша бергеніне дәлелі бар және бірнеше куәгердің Текебаевты ақша алды деп көрсеткен. Тергеудің толық мәліметі жарияланбайды. Тергеу құпиялығы деген ұғым бар" деді МҰҚК басшысы.
Абдил Сегизбаев әріптестері Текебаевтың қамалуын талқылауды ұсынғна депутаттардың талабымен шақырылған. Оппозициялық саясаткер 26 ақпанда Венадағы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының отырысына қатысып қайтып келген бетінде Бішкек әуежайында ұсталған. Келесі күні оны Бішкек соты оны екі айға қамаған. Текебаевтың жақтастары өткен жексенбіден бастап Бішкек пен басқа да қалаларда оны босатуды талап етіп наразылық танытып жатыр.