Атырауда қытайлық қазаққа қатысты сот шешімі шықты
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Бота Хасенова Атырау мұнай және газ университетінде оқитын қытайлық қазақ Шұғыла Бауыржанға қатысты көші-қон полициясы толтырылған әкімшілік хаттаманың күшін жоюға үкім етті. Облыстық көші қон полициясы паспортының жарамдылық мерзімі бітуге таяп қалған Шұғыла Бауыржанның үстінен көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы хаттама толтырған еді. Осыған байланысты студентке Қазақстаннан депортациялану қаупі төнген.