Алматыда Максим Арышевты жерледі
Алматыда бүгін 20 жастағы Максим Арышевты ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне марқұмның туған-туыс, дос-жолдастары, сыныптастары, сабақ берген мұғалімдер және өзге жұрт - барлығы 200-ден аса адам қатысты. Максим Арышев өзі білім алып жатқан Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы метрода сәуірдің 3-і күні жасалған теракті кезінде қаза тапқан. Террорлық жарылыстан 14 адам мерт болып, 50-ге жуық адам жараланған.