Accessibility links

Түркия: АҚШ Сириядағы күрдтерді қолдаудан бас тартады деп үміттенеміз


Сириядағы күрдтердің қарулы жасақтары сарбаздарымен кеңесіп тұрған АҚШ әскерилері. 25 сәуір 2017 жыл.
Сириядағы күрдтердің қарулы жасақтары сарбаздарымен кеңесіп тұрған АҚШ әскерилері. 25 сәуір 2017 жыл.

Түркия АҚШ сириялық күрдтерді қолдауын доғарады деген үмітін білдірді. Түркия вице-премьері Нуреттин Чаникли бүгін Анкара "іргесінде Түркияның болашағына қауіп төндіретін террористік ұйымның болғанына төзе алмайтынын" және Вашингтонның дұрыс емес саясаттан бас тартады деп үміттенетінін мәлімдеді.

Түркия күрдтердің әскери "Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын" (YPG) Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының бөлімі санайды.

БАҚ-тың хабарлауынша, 9 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияның алаңдаушылығына қарамастан Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан қарулы күрд жасақтарына тікелей қару-жарақ жеткізуді мақұлдаған. Күрд жасақтары АҚШ-тың қолдауымен Башар Асад режимімен соғысып жатқан "Сирия демократиялық күштерінің" құрамына кіреді.

XS
SM
MD
LG