Accessibility links

БАҚ: Путиннің көмекшісі ДХР-дың "ішкі саясатын" айқындайды


Владислав Сурков, Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі.
Владислав Сурков, Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі.

Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурков Украинаның шығысындағы "Донецк халық республикасының" (ДХР) ішкі "саясатын" айқындайды деп хабарлады сепаратистердің бұрынғы басшысына сілтеме жасаған Reuters агенттігі. Сурков Александр Захарченконың сепаратистер басып алған Донецк облысына басшы болып тағайындалуына ықпал еткен.

ДХР-дың бұрынғы "қорғаныс министрі" Игорь Стрелков (Гиркин) РБК агенттігіне Сурковтың сонымен қатар Игорь Плотницкийдің "Луганск халық республикасына" басшы болып болып тағайындалуына да ықпал еткенін айтқан. Reuters-тің дереккөздері Сурковтың сенімді адамдары оған аймақтағы жағдай туралы тұрақты түрде есеп беріп отыратынын айтады.

2014 жылы 12 мамырда өткен аймақ мәртебесіне қатысты референдумнан соң ДХР-дың мемлекеттік егемендігі жарияланған. Еуропа Одағы мен АҚШ сайлаудың "Минск келісімін өрескел бұзатынын" мәлімдеген. Киев пен Батыс елдері Кремльді сепаратистерге қарулы көмек жасап отыр деп айыптайды. Мәскеу бұл айыптауды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG