Accessibility links

Навальный Кремльге хат жазған соң шетелге шығу төлқұжатын алды


Алексей Навальный, оппозициялық саясаткер.
Алексей Навальный, оппозициялық саясаткер.

Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальный шетелде көзін емдету үшін төлқұжат беруді сұрап Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Антон Вайноға хат жазды. Навальный бұл туралы YouTube-тағы каналының эфирінде айтты.

Оппозиционер өзіне Вайноға хат жазуға президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің басшысы Михаил Федотов кеңес бергенін айтты. Навальныйдың адвокаты Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына Ресейді саясаткерге үш күн ішінде төлқұжат беруге міндеттеуді сұрап өтініш берген. Бұдан соң Навальный тұрғылықты жеріндегі көпфункционалдық орталыққа өтініш жазып, ертесі күні төлқұжатын алған.

Навальный сәуірдің соңында жасалған шабуылдан зақымданған көзіне Барселонада операция жасатып, кеше Ресейге оралғанын хабарлаған. Мұның алдында Федералдық жазаны атқару қызметі саясаткерді "Кировлес ісі" бойынша шартты мерзімге сотталғандықтан елден шығуға тыйым салынғанын ескерткен.

XS
SM
MD
LG