Accessibility links

Иранда бүгін президент сайлауы өтеді


Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) мен консерватор саясаткер Эбрахим Раиси.
Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) мен консерватор саясаткер Эбрахим Раиси.

Иранда бүгін президент сайлауына дауыс береді. Президенттіктен төрт адам үмітті. Бірақ олардың екеуі - іс басындағы президент, ұстамды саясаткер Хассан Роухани мен консерватор, бұрынғы прокурор Эбрахим Раиси фаворит саналады. Жұмыссыздық деңгейі жоғары Иранда 81 миллион халық тұрады.

Әлемдік державалармен Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жою туралы келісім жасасқан Роухани Батыс елдерімен одан ары ынтымақтасып, азаматтарға кеңірек бостандық беруге уәде етіп отыр. 68 жастағы Роухани қарсыластарымен таяуда өткізген сайлауалды дебатында "19 мамырда азаматтарымыз бейбітшілік жолымен ары қарай жүре береміз бе, я саяси егес жолын таңдаймыз ба дегенге дауыс береді" деп мәлімдеді.

56 жастағы Эбрахим Раиси Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің сенімді өкілі саналады. Аятолла Әли Хаменеи - елдегі үлкен саяси, әскери және діни билігі бар ең ықпалды адамдардың бірі.

XS
SM
MD
LG