Accessibility links

Швеция Джулиан Ассанжға қатысты тергеуді тоқтатты


Wikileaks сайтының негізін салушы Джулиан Ассанж.
Wikileaks сайтының негізін салушы Джулиан Ассанж.

Швеция прокуроры Wikileaks сайтының негізін салушы Джулиан Ассанжға қатысты тергеу тоқтағанын, оған тағылған "кісі зорлады" деген айып алынып тасталғанын хабарлады.

Ассанж 2012 жылдан бері швед сотынан қашып, Лондондағы Эквадор елшілігінде отыр. Швеция прокуроры оған жыныстық зорлауға қатысты айып таққан. Ассанж кінәсі жоғын мәлімдеген. Ол Швецияға барса, ел билігі АҚШ-қа ұстап беруі мүмкін деген қаупін айтқан. Вашингтон "Ассанж мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды жария еткені үшін сотқа тартылуы керек" деп біледі.

Ұлыбритания полициясы "Ассанж Эквадор елшілігінен шықса, оны Вестминстер сотының сотты сыйламағаны үшін 2012 жылы берген ордері бойынша тұтқындауға мәжбүр боламыз" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG