Accessibility links

Трамп бүгін Брюссельде НАТО саммитіне қатысады


Брюссельдегі НАТО штаб-пәтері.
Брюссельдегі НАТО штаб-пәтері.

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Брюссельде НАТО басшылығымен кездеседі. Трамп сайлауалды кампаниясында НАТО-ны "ескірген ұйым" деп сынаған еді. Кездесу НАТО-ның Брюссельде жаңадан салынған, құны миллиард долларға бағаланған штаб-пәтерінде өтеді.

Кездесуде негізінен екі мәселе - НАТО-ға мүше 28 мемлекеттің қорғанысқа бөлетін қаржысын ұлғайту және терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл жайы талқыланады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 24 мамырда Брюссельге бара жатқан жолында журналистермен әңгімесінде Трамп НАТО елдерімен қорғанысқа бөлетін қаржы көлемін жалпы ішкі өнім көлемінің 2 пайызынан кем қылмауға келісу мақсатына жеткісі келетінін айтқан.

Өткен жылы АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Эстония мен Грекия ғана қорғанысқа бөлетін қаржысын жалпы ішкі өнім көлемінің 2 пайызына жеткізу міндетін орындаған. Латвия, Литва мен Румыния бұл көрсеткішке жетуге жақын қалған.

XS
SM
MD
LG