Accessibility links

Лондондағы шабуылдардан кемінде алты адам қаза тапқан


Шабуыл болған жерден кетіп бара жатқан адамдар. Лондон, Ұлыбритания, 3 маусым 2017 жыл.
Шабуыл болған жерден кетіп бара жатқан адамдар. Лондон, Ұлыбритания, 3 маусым 2017 жыл.

Жексенбіге қараған түні Лондон орталығында жасалған екі шабуылдан кемінде алты адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен. Полиция шабуылдарға күдікті үш адамды атып өлтірген. Бұл туралы британ полициясына сілтеме жасап халықаралық агенттіктер хабарлады.

Лондон көпіріндегі шабуылдың куәсі болған ВВС тілшісі Холли Джонс қатты жылдамдықпен келген ақ түсті жүк көлігі көпір үстінде жаяу адамдарды басып өткенін айтады.

Бұдан кейін көпірге жақын жердегі Боро базары маңында көліктен түскен белгісіз біреулер көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдағаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл екі оқиғаны теракт деп атаған. Кейін Скотланд-Ярд көлік және пышақпен шабуылға күдікті үш адамды полицияның атып өлтіргені туралы хабарлады.

Әлеуметтік желіде жарияланған суретте денесіне белгісіз зат тағынған ер адамның жерде жатқаны бейнеленген.
Әлеуметтік желіде жарияланған суретте денесіне белгісіз зат тағынған ер адамның жерде жатқаны бейнеленген.

Полицияның мәлімдеуінше, күдікті үшеуі де денесіне "жанкешті белдігіне" ұқсайтын зат тағынған, бірақ артынан олардың жарылғыш зат емес екені анықталған. Әлеуметтік желі қолданушылардың бірі денесіне белгісіз зат байланған ер адамның жерде жатқан суретін жариялаған.

Сонымен бірге Воксхолл ауданында да пышақпен шабуыл жасалғаны туралы хабар түскен. Бірақ кейін полиция "алдыңғы екі шабуылға ол оқиғаның қатысы жоқ" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG