Accessibility links

ИМ Лондондағы шабуыл жауапкершілігін мойнына алды


Лондондағы шабуылдан кейін болған рейдтердің бірі. 4 маусым 2017 жыл.
Лондондағы шабуылдан кейін болған рейдтердің бірі. 4 маусым 2017 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Лондондағы жеті адам қаза тауып, ондаған адам жараланған шабуылдың жауапкершілігін мойнына алды.

Reuters және France Press агенттіктерінің хабарлауынша, бұл туралы хабарлама Amaq ақпараттық сайтында жарияланған. 2014 жылы ашылған бұл сайт ИМ-нің ақпараттық ресурсы саналады. Содырлар бұл сайт арқылы әлемде жасалған 10-нан астам шабуылдың жауапкершілігін мойнына алған.

Лондонның шығыс жағында 3 маусым күні болған шабуылға қатысты 12 адамның ұсталғанын британ полициясы 4 маусымда хабарлаған.

3 маусым күні кешке белгісіз үш адам әуелі Лондон көпірі үстінде кетіп бара жатқан жаяу адамдарды көлікпен басып өтіп, кейін екі мейрамхана жанында көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдаған. Арада сегіз минуттай уақыт өткенде полиция күдіктілердің үшеуін де атып өлтірген. Түн ортасына қарай саперлер шабуыл болған жерде табылған күдікті заттарды бірнеше арнайы жарылыстың көмегімен залалсыздандырған.

XS
SM
MD
LG