Accessibility links

БАҚ: Ресей АҚШ сайлау жүйесін бұзып кірмек болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) баспасөзге мәлім болған құпия құжатына қарағанда, Ресей қорғаныс министрлігі барлау органының хакерлері АҚШ-та былтыр өткен президент сайлауының қарсаңында америкалық дауыс беру жүйесін бұзып кірмек болған. Бұл ақпарат 5 маусым күні Intercept сайтында жарияланып кеткен соң АҚШ әділет министрлігі Ұлттық қауіпсіздік агенттігі мердігер ұйымының қызметкері "құпия ақпаратты ақпараттық интернет басылымына" берді деген айыппен ұсталғанын хабарлады.

Intercept сайтының агенттіктің құпия құжатынан келтірген үзіндісіне қарағанда, Ресей бас барлау басқармасымен байланысы бар хакерлердің АҚШ-тың көптеген штатына қызмет көрсетіп, құрал-жабдықпен қамтамасыз ететін жекеменшік америкалық компанияның компьютерлік желісіне бұзып кіру операциясын жасаған.

Құжатта бұл операцияның бірнеше ай бойы жүргізілгені және тыңшылық жасайтын зиянды файлдарды алмастыру арқылы америкалық сайлау жүйесінің тұтастығына қауіп төндіргені айтылады. Операция 8 қарашадағы сайлауға бірнеше күн қалғанға дейін жалғасқан. Құжатта хакерлік операцияның АҚШ президенті сайлауының нәтижесіне ықпал еткені, я әсері болмағаны айтылмайды.

XS
SM
MD
LG