Accessibility links

БҰҰ комиссары Израиль оккупациясын тоқтатуға шақырды


Зеид Раад әл-Хуссейн, БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі бас комиссары.
Зеид Раад әл-Хуссейн, БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі бас комиссары.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зеид Раад әл-Хуссейн Израильдің Палестина территориясын оккупациялауын тоқтатуға шақырды. Бұл туралы комиссар 6 маусымда Женевада БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңесінің үш аптаға созылатын сессиясының ашылуында айтты.

Хуссейн палестиналықтар "әскери күшпен енгізілген оккупациядан жарты жарты ғасыр бойы қатты зардап шегіп келе жатқанын" айтты. Ол израильдіктердің де зорлық-зомбылықтан азат болуға хақы барын айтып, "Оккупацияны қолдау екі халық үшін де жан азабын одан ары соза түсуден басқа ешнәрсе әкелмейді" деді.

Хуссейн Холокост кезінде еврейлердің тартқан азабын айыптады.

XS
SM
MD
LG