Accessibility links

БАҚ: Киев Донбасты реинтеграциялау жоспарын дайындады


Украина президенті Петр Порошенко Донецк маңында украин әскерилерімен бірге. Маусым 2016 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко Донецк маңында украин әскерилерімен бірге. Маусым 2016 жыл.

Украина билігі ресейшіл сепаратистер бақылайтын территорияларды реинтеграциялау туралы заң жобасын дайындады. "Коммерсант" басылымының хабарлауынша, жобада елдің шығысындағы "антитеррорлық операцияларды" тоқтатып, оның орнына әскери жағдай енгізу қарастырылған. Бұл аталған территориялар Украина қауіпсіздік қызметінің басқаруынан армияға өтеді деген сөз.

Басылымға сұхбат берген Украина парламентінің өкілдері заң жобасы парламент қарауына осы аптада, президент Петр Порошенко АҚШ-қа сапарлап барған кезде түсуі мүмкін дейді.

Дереккөздерінің мәліметінше, Киев Донбаспен қарым-қатынасын тұрғындарға "бірқатар жеңілдіктер жасау арқылы" дұрыстауға талпынып жатыр. Украина билігі сонымен қатар өзін-өзі жариялап алған "халық республикаларының" тұрғындарына украин зейнетақысын алу, сауда жасау ережелерін жеңілдетуді жоспарлап отыр.

Өткен аптада президент Петр Порошенко Донбаспен реинтеграциялану туралы жоспар дайындалып жатқанын хабарлаған. Оның сөзінше, заң жобасы Минск келісімінде бекітілген шарттарға негізделеді.

БҰҰ мәліметінше, Украина шығысында қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 10 мыңнан астам адам, оның ішінде үш үш мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, 24 мың адам жараланды. Киев пен Батыс елдері Мәскеуді сепаратистерді қаруландырып отып деп айыптайды. Кремль айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG