Accessibility links

"Орыс маршын" ұйымдастырушы Юрий Горский Ресейден кетіп қалды


Юрий Горский, "Орыс маршын" ұйымдастырушы
Юрий Горский, "Орыс маршын" ұйымдастырушы

"Орыс маршын" ұйымдастырушы Юрий Горский Ресейден кетіп қалды. Ол экстремизм ісі бойынша үйқамақта отырғанына қарамастан, Литваға кеткен. Бұл туралы Горскийдің өзі Facebook-те жазды.

Горскийдің сөзінше, ол шекараны 9 шілдеге қараған түні "қылмыстық қудалауға ұшырау қаупіне қарамастан" кесіп өткен. Ол шекарадан қалайша өткенін айтпады.

Юрий Горский 7 маусымда қамауға алынған. Сотта тергеушілер Горский қашып кетуі мүмкін деп, оны үйқамаққа алу керек деген. Горскийге қарсы экстремизм айыбы бойынша іс 1 мамырда Мәскеуде ұлтшылдар Дмитрий Демушкинді қолдап марш өткізуіне байланысты қозғалған.

XS
SM
MD
LG